Bugin
Фото: freepik.com
Талдықорғанда 11-сынып оқушысы 16-қабаттан секіріп, көз жұмды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға 16 мамыр күні кешкі сағат 19.00 шамасында Болашақ шағынауданында болған.
Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, марқұм қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде оқыған.
"Сабақ үлгерімі жақсы, мінезі тұйық, сыныптастарынан оқшауланып жүретін, мектепішілік есепке алынбаған. 21 мамыр күніне ҰБТ тапсыруға тіркелген. Әлеуметтік жағдайы орташа, көпбалалы отбасы, отбасындағы 4-бала. Сабаққа келмеген күндеріне денсаулығына байланысты анықтама әкелетінін ескерткен",- дейді облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.