Bugin

Павлодарда автобус трамвай бағанына соғылып, жүргізуші қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Павлодарда 18 мамырда "ЖЭО-2" жұмысшыларын тасымалдауға арналған автобус трамвай бағанына соғылып, жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлады Bugin.kz порталы. 

Полиция жол апатына жүргізушінің жүрек талмасының ұстауы себеп болуы мүмкін екенін айтады.

"Қазправда көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, трамвай бағанына соқтығысты. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Жол апатының алдын-ала себебі - жүрек талмасы. Өзге мән-жайлар анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.