Bugin

Ежелгі пирамидалардың 4 мың жыл бойы табылмаған құпиясы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Мысырдағы пирамида. depositphotos.com

Солтүстік Каролинадағы Уилмингтон университетінің зерттеушілері пирамидаларға қатысты зерттеу нәтижесін жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың қалай салынғаны туралы деректер күні бүгінге дейін жұмбақ еді. Уилмингтон ғалымдары пирамидалар Ніл өзенінің ежелгі тармағының бойында салынған болуы мүмкін екенін анықтады.

Көптеген жылдар бойы археологтар мысырлықтар пирамида құрылысына үлкен тастарды тасымалдау үшін жақын маңдағы су жолын пайдаланды деп есептеді.

Зерттеуге қатысқан ғалым профессор Эман Гонейм :

"Осы уақытқа дейін құрылыста пайдаланған су жолының пішінін, көлемін және пирамидаларға жақындығын ешкім анықтай алған жоқ", - дейді.

Ғалымдар бұл олқылықтың орнын толтырған. Зерттеушілер жоқ болып кеткен өзен ізін табу үшін спутниктік суреттерді, тарихи карталарды, геофизикалық зерттеулерді және шөгінділерді анықтау әдістерін пайдаланды. Ғалымдардың пайымдауынша, пирамидаларды салуға көмектескен су жолы мыңдаған жылдар бұрын құмды дауылдар мен үлкен құрғақшылықтан жабылған.

Зерттеу радар технологиясының көмегімен құм беттерін сканерлеу арқылы тартылып қалған өзен бөліктерін анықтай алды. Ежелгі пирамидалар орналасқан алқап арқылы бұлақ аққаны анықталды.

Өзен саласының бар-жоғын анықтау пирамидалардың құрылысын түсіндіруге көмектеседі. Су жолы ауыр блоктарды, жабдықтарды, кез келген нәрсені тасымалдауға көмектескен.

Зерттеушілер тобы араб тілінен аударғанда «Пирамидалар» дегенді білдіретін Ахрамат атты өзен желісін ашты. Оның ұзындығы 64 км, ені 200-700 метр, 3,7-4,7 мың жыл бұрын салынған 31 пирамиданың жанынан ағып өтеді.

Мысырлықтар құрылыстың ауыр жүктерін көтеру үшін адам еңбегінен гөрі өзен қуатын көбірек пайдаланған болуы мүмкін.