Bugin
Фото: видео скрині
Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалған 3 жасар Асылымды жерленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Осыған дейін Түркістан облысында бүлдіршіннің жоғалғанын хабарлаған болатынбыз.
Естеріңізге салсақ, кішкентай бүлдіршіннің денесі 18 мамыр күні түнгі сағат 22:50 шамасында көрші үйдің әжетханасынан табылды.
"3 күн іздеген 3 жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, халайық", - деп жазған болатын журналист Гүлмира Абықай Instagram парақшасына.