Bugin

Ақмола облысында ауыр қылмыстың беті ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақмола облысының криминалисі саусақ іздері арқылы ауыр қылмысты әшкереледі, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 2024 жылы 5 мамырда Көкшетау қаласында Л. есімді азамат дене жарақаты салдарынан қаза болған. Көкшетау қаласының ПБ криминалисі Бахтияр Сүлейменов оқиға орнын тексеру нәтижесінде саусақ іздерін тапты. Алынған қол іздерін тексеру кезінде күдікті адам анықталған.

"Криминалистің жұмысында ұсақ-түйектер болмайды, әрбір бөлшек маңызды және қылмыстарды ашуға көмектесуі әбден мүмкін. Оқиға орнында жұмыс істейтін криминалистің мойнына жауапты міндет – көзге көрінбейтін материалдарды сапалы жинақтау жүктеледі",- делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін ер адам досын атып өлтірді деген күлікке ілінгенін хабарлаған едік.