Bugin

“Қиын жағдай болған шығар”: 36 жастағы келіншек туған анасын іздейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Айдана Естенбаева "Көреміз" бағдарламасынан анасын табуға көмектесуді сұраған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айдана Естенбаеваны бала кезінде асырап алған. Бірақ ол өзінің асыранды бала екенін білмеген. Тек 2012 жылы асырап алған ата-анасы бар шындықты тұңғыш рет айтыпты. Айдананы анасы 1991 жылы 3 жасар кезінде тастап кеткен. Айдананың биологиялық анасының берген есімі - Марианна екен. 

"Осы күнге дейін өзінің тегін, туған анасын, әкесін білмей күн кешіп жүрген кейіпкеріміз көмек сұрайды. Бар арманы - өзін туған ананы бір көріп, танысу",- дейді "Көреміз" редакциясы.

Ал Айдананың өзі анасын кінәламайтынын айтты. 

"Мен оны құшақтап, иісін сезсем болды. Мен қазбалап жүрмеймін. Маған керек емес. Оның да басында қиын жағдай болған шығар. Әйтпесе, адам баласы өз туған баласын бұлай тастап кетпейді ғой",- дейді Айдана Естенбаева.

Еске салайық, бұған дейін жат ағымда жүрген келіншек сырымен бөліскенін хабарлаған едік.