Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Тимур Балымбетовқа берген сұхбатында бұған дейін үйленгенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Айтбек Амангелді бұрын үйленгенін, ажырасуына мінездерінің келіспеуі себеп болғанын растады.
"Көбі айтып жүргендей, ұрып-соғу, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жоқ. Мінезіміз келіспеді. Ол кезде біз жас болдық, қарапайым тұрмыстық дүниелерді түсінбедік, өзіміз қалағандай өмір сүру үшін жеткілікті табысымыз болмады. Үй жалдап тұрдық, көлігіміз де болмады. Мен балалы болғым келді. Бірақ арманым орындалмады. Ешқандай ұрыс-керіссіз, тыныш қана ажырасып кеттік. Әркім өз жолымен кетті, қазір ешқандай байланысымыз жоқ", — деді Айтбек Амангелді.
Еске салайық, бұған дейін белгілі адвокатқа 17 қыз зорлық көргені туралы хат жолдағанын хабарлаған едік.