Bugin

Емтиханға дайындық: есте сақтау қабілетін қалай жақсартамыз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Оқу жылы аяқталып, емтихан тапсыратын уақыт таяды. Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап, емтиханға қалай дайындалу керектігін ұсынады. 

1. Оқу стиліңізді анықтаңыз

Оқушылардың емтиханға дайындалу стратегиялары әртүрлі болады. Өзіңіздің жеке қасиетіңізге назар аударыңыз. Егер сіз есту қабілеті жақсы оқушы болсаңыз, оқулықтар мен конспектілерді дауыстап оқыңыз. Ал егер жазбаларды тез қабылдасаңыз, ақпараттарды жазып, есте сақтасаңыз болады. 

2. Дайындық жоспарын жасаңыз

Ең тиімді жоспар – барлық дайындық материалын күндерге бөлу. Ең соңғы күнді қайталауға арнау керек. 

3. Ақпаратты түсінуге тырысыңыз

Оқығандарыңызды жаттап алудың орнына, оның мәнін түсінуге тырысыңыз. Сұрақтардан логикалық байланыстарды табыңыз, ассоциациялар жасаңыз. Әр пәнде есте сақтау керек күндер, жылдар, арнайы уақыттар бар. Оның бәрін есте сақтау үшін логиканы іске қосу керек.

4. Материалды құрылымдаңыз

Сіз әр тақырыпты ұзақ уақыт зерттей аласыз. Сондықтан барлық мәліметтерді есте сақтауға тырыспаңыз. Оқулықтағы үлкен тараудан негізгі ойларды бөліп көрсетіңіз. 

5. Пәннің және емтихан форматының нюанстарын қарастырыңыз

Сіз оқып жатқан пәннің жеке ерекшеліктері бар. Мысалы, нақты ғылымдар – математика, физика – тәжірибені қажет етеді. Гуманитарлық ғылымдар үшін үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу, күндерді, атауларды және анықтамаларды есте сақтау маңызды. 

Ауызша тестілеуге дайындалып жатсаңыз, жауаптарыңызды дауыстап айтыңыз. Материалды үйдегі біреуге немесе айна алдында өзіңізге айтып көріңіз. Біреу сізді тыңдап қана қоймай, бірдеңе түсініксіз болған кезде сұрақ қоя білу керек.