Bugin

Иранда президент сайлауы қашан өтеді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Фото: en.mehrnews.com

Иранда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Конституция Сақшыларының Кеңесі президент сайлауының 28 маусым күні өтетінін жариялады. IRNA арнасының хабарлауынша, Иранның Жоғарғы Басшысы Аятолла Хаменеи уақытша президент қызметін вице-президент Мохаммад Мохберге тапсырған. 

Сарапшылар апатқа ұшыраған америкалық Bell 212 тікұшағының қолданыста болғанына 40 жылдан асқанын айтып отыр. Ал Иран АҚШ санкциясынан кейін бұл ұшақтардың қосалқы бөлшектерін сатып ала алмайды.

Еске салайық, бұған дейін Иран президенті тікұшақ апатынан қаза болғанын хабарлаған едік.