Bugin

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Скриншот Google Карты

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сейсмикалық стансалар желісі жерасты дүмпулерін 27 мамырда  Астана уақытымен 11:12-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 986 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,6. магнитудасы MPV 4,4", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде жер сілкінгенін жазған болатынбыз.