Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Айгүл Мәлікова 40 жастан асқан ер адамның ұлы мен қызын зорлағанын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Айгүл Мәлікова "Әділетті қоғам" бағдарламасында ер адамның не үшін мұндай әрекетке барғанын түсіндірді.
"Мен қараған істердің бірінде, ер адам ұлы мен қызын зорлаған. Жасы 40-тан асқан адам. Колледжде жұмыс істеп жүрген. Адамда 40 жастан аса психологиялық ауытқу болатын сияқты. Дерт болады. Оны досына да, әйеліне де айта алмайды",- дейді судья.
Айгүл Мәлікова ер адамның дертке шалдығып, соңында үйіндегі қызын да, ұлын да зорлағанын мәлімдеді.
"Ол мұғалім ғой. Колледжде жас қыздар ұнай бастайды. Бір күні әйелі жоқ кезде, дерті үдеп үйіндегі балаларын зорлаған", - деді Айгүл Мәлікова.
Еске салайық, бұған дейін педофилдердің не үшін ауылда көп болатынын хабарлаған едік.