Bugin
Фото: nasrf.ru
Көптеген адам түнде 7-8 сағат бойы ұйықтаса да шаршаңқы күйде оянады. Бұл ағзадағы дәрумен тапшылығынан болуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Собака сайтына сілтеме жасап.
Ұйқының сапасына байланысты негізгі дәрумендер мен минералдар қоры азайса, адам үнемі шаршаңқы, өзін жайсыз сезіне бастайды. Мұндай жағдай естен тану, бас айналуға әкеп соғуы мүмкін.
Адам ағзасына ең қажет дәрумен - Д дәрумені. Әлемдік биотехнологиялық ақпарат орталығы жариялаған мета-талдау D дәруменінің тапшылығы ұйқының бұзылуының жоғары қаупімен байланысты екенін атап өтеді. Ұйқысыздық пен шаршау ағзада D дәруменінің деңгейі 20 нг/мл-ден аз болғанда артады. D дәруменін күн сәулесінен және тағамдық қоспалар арқылы алуға болады. Д витамині жоғары тағамдарға жұмыртқа, лосось, тунец және саңырауқұлақтар жатады.
Е дәрумені де адам ұйқысына аса маңызды. 2011 жылғы зерттеу витаминнің ұйқының бұзылмауын, жадының төмендеуіне жол бермеу, ұйқының жетіспеушілігін жоятынын анықтаған. Бұған қоса, Е дәрумені дене тіндерін бос радикалдардың зақымдануынан қорғайтын және сау қартаюда рөл атқаратын антиоксидант болып табылады. Е дәрумені иммундық жүйеге де әсер етеді. Күнбағыс тұқымдары, бадам және бидай ұрықтары майында салыстырмалы түрде жеткілікті мөлшерде Е дәрумені бар.
Ұйқым тыныш болсын десеңіз, ағзадағы В дәрумендерін жиі тексеріп отыру керек. Кейбір В дәрумендері (B3, B5, B6, B9 және B12) ағзаның триптофан қабылдауын реттеуге көмектеседі, бұл өз кезегінде денеге мелатонин өндіретінін есте сақтау қажет. Мелатонин - сіздің денеңізде өндірілетін гормон, ол сізді ұйқышыл етеді. Дәнді дақылдар, ет, жемістер мен көкөністер ағзаны В дәрумендерінің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ете алады.
Кальций және магний - ағазаға аса қажетті витаминдер. Бұл екі минералды бұлшықеттердің жиырылуы мен босаңсуында рөл атқару үшін түнде ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады. Кальций мен магнийдің жетіспеушілігі түнде көптеген ұйқының бұзылуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, кальций ұйқы гормоны мелатонинді өндіру үшін триптофанмен жұмыс істейді. Созылмалы ұйқысыздық та магний тапшылығының бастапқы белгілерінің бірі болып табылады.