Bugin

Синоптиктер Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы, Шымкент және тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

"2024 жылғы 30 мамырда Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады. Бұл қалалардағы ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Тағы оқи отырыңыздар:

Бүгін қай өңірде үсік жүреді?