Bugin

Зауытта күйіп қалған машинист қыз қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлолар қаласындағы зауытта күйіп қалған 25 жастағы қыз көз жұмды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

24 мамыр күні Ақсу ферроқорытпа зауытының екі кран машинисі күйіп қалған. Оның бірі Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жатқызылған еді. Жас қыздың денесінің 80-85 пайызын күйік шалған.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қыздың қаза болғанын мәлімдеді.

"25 жастағы пациент Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға 25 мамыр күні жансақтау бөліміне жатқызылған. Денесінің 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды. Барлық емдеу шаралары толыққанды жүргізілгеніне қарамастан, ол ауруханада көз жұмды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде суға кеткен 20 жастағы жігіттің жағдайын хабарлаған едік.