Bugin

Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген күдікті сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысында әйелін қылқындырып өлтірген 27 жастағы ер адам 11 жылға сотталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін Ақтөбе облысы Сарыкөл ауылында үш баланың анасын бұрынғы күйеуі аса қатігездікпен өлтіргенін хабарлаған едік. 

Марқұм Айбану күйеуімен 2022 жылы заңды түрде ажырасып кеткен. Бұрынғы күйеуі балаларына алимент төлемеген. Оған қоса балаларымен араласпай, өзге әйелмен отбасы құрған. Ер адам 2 жылдан соң экс-әйелімен   кездесуге келген. Айбану оны жылы қарсы алып, шәйнекке су құйып, газға шәй қоймақ болған. Бұрынғы күйеуі оның теріс бұрылған сәтін пайдаланып,қылқындырып өлтірген.

Қайғылы оқиға 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні орын алған. Сол кезде кішентай балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқан.
"Қ" 2024 жылдың 01  ақпанында  Темір ауданы Саркөл ауылында  үй ішінде "С"-ні қолымен мойынынан  қысып алып қылғындырған Айпталушы марқұмды  қасақана өлтіргені расталды. Сот мәжілісінде прокурор  11 жыл, ал жәбірленуші тарап қатаң жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы  кінәсін толық мойындады.
         
Сот қылмыстық жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін мойындайтынын және оның бұрын сотталмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Сотталушының  қылмыстық жауаптылық пен жазасын  ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.

Сот үкімімен сотталушы  11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Айыпталушы жәбірленушінің пайдасына 20 000 000 теңге моральдық  зиян, 318 062 теңге материалдық шығын өндірілді.