Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
2024 жылы 31 мамырда сағат 19:00-де Атырау облысында "Махамбет-Х.Ерғалиев" тас жолының 13-14 шақырымындағы (Махамбет-Х.Ерғалиев ауылдарының учаскесі) жол учаскесін су алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Осыған байланысты жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
"Қазіргі таңда жол белгілері мен сигналды бағандар орнатылуда", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында әйелін өлтірген күдіктіге қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік.