Bugin

"Есіктен еңбектеп шығып кеткен": Түркістан облысында 10 айлық сәби табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысында үйінен еңбектеп шығып кеткен 10 айлық сәби табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Ер адам көше бойында 1 жасқа толмаған сәби бір өзі еңбектеп жүргенін айтқан.

Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кіріскен.

"Тәртіп сақшылары аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай сәбидің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады. Анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткені анықталды", - деп жазылған хабарламада.