Bugin
Фото: Облыстық ПД
Семейде бір апта бұрын жоғалып кеткен 30 жастағы келіншектің денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұған дейін Абай облысында жоғалған келіншек туралы хабарлаған едік.
3 маусымда Абай облысының полиция департаменті жоғалған 30 жастағы әйелге қатысты жағдайлардың анықталғанын хабарлады.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еріктілердің айтуынша, қайтыс болған келіншек Семей қаласына жолай көлік ұстап кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған.