ТӘРБИЕ

Адам қайтыс болғанда жасалатын жоралғылар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz / Айгерім Әділханова

Халқымызда адам дүниеге келгеннен бастап, өмірден өткенге дейін түрлі салт-дәстүр жасалады. Bugin.kz порталы адам қайтыс болғанда жасалатын жөн-жоралғылар туралы ақпаратты ұсынады.

Хабар айту немесе естірту. Қаза болған жанның туыс-туғаны, дос-жараны, тағы басқа өлімге шақырылатындардың тұрғылықты жеріне қарай хабаршыларды бекітеді. Хабаршылар дүниеден өткен кісінің қашан қаза болғанын, намазаның қашан болатынын көпшілікке жеткізеді. Хабар жеткізу барысында ауылдың қарияларына естіртуді тапсырады. Ол адам бірнеше кісіні қасына алып, қаза болушының жақын туысының үйіне барып, қаралы хабарды естіртеді.

Кебіндеу. Кебіндеу ер адамды 5 құр, әйел адамды 7 құр, балиғатқа толмаған балаларды 3 құр ақ кездемемен орайды. Жалпы жұмысты жүргізу барысында, ақырет киімдері іштен сыртқа қарай тетір қаусармаланып, ең соңында басынан, белінен, аяғынан үш жерден буылады.

Підиә өткізу. Қаза болған адамның өсиеті бойынша, підиәсі мен намазын атқарып беруге бір молда бекітіледі. Ал егер өсиеті болмаса, өлімге келген молдалардың ішінен екі молда тағайындалады.

Жаназа шығару. Мәйіт кебінделіп болған соң, үйден аяғымен шығарылады. Молда жамағатты үш рет дауыстап намазға шақырады. Қаза болушының жақын туыстары саптың артқы жағында тұрады.

Қабір дайындау. Адам жаны үзілгеннен кейін, хабар айтуды ұйымдастыру мен қабір қазу жұмысы қатар жүреді. Қабір қазуға сол ауылдың азаматтары келіп, шақырылған адам сылтау айтпайды.

Нәзір өткізу. Қазақ халқында адам дүниеден өткеніне 3 күн толғанда берілетін нәзірді "үші", жеті күн толғанда берілетін нәзірді "жетісі" деп атайды (кей жерлерде үші деген жоқ). "Үші" мен "жетісін" ұсақ мал сойып немесе ірі қарадан бір бас, қонақасына ұсақ малдан бір тұяқ сойып өткізеді. Ал қаза болған жанның дүниеден өткеніне 40 күн толғанда берілетін нәзір "қырқы" деп аталады. Ол көбінесе ерлерге 39-37 күнде, әйелдерге 37-35 күнде беріліп жатады.

Боқша. Әйел кісілер 70 жастан асқан соң, "боқша" әзірлейді. Оның ішіне сырға, күміс, қымбат кездеме сынды бағалы бұйымдарын салады. "Боқшаның" ішіндегі ең асыл нәрсені оны ашқан әйел алады. Басқасын сол жердегі жамағатқа таратып береді.

Ақтық салу. Қаза болған кісінің қыздары, құда-жегжаттары, туысқандары "жылы" берілген күні жылқы, сиыр, қой сияқты малдардан бір-бір тұяқтан әкеліп көмек көрсетеді.

                                Деректер "Қазақ салт-дәстүрлері" кітабынан алынды

                                  Материал авторы: Бану Әбдіғалиева(