Bugin

“Қытай жұлдыз қылды”: танымал белсенді Димаш Құдайбергенге шүйлікті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @kudaibergenov.dimash 

Белсенді Серікжан Біләш Қытай мен Қазақстанның қарым-қатынасын сынады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол YouTube арнасында Қытай елді жаулап жатқаны туралы айтты. 

"Қытай мәдени ауыс-түйіс жасап жатыр. Димашты алайық. Оның талантын мойындаймыз. Димаш Европаға баруы керек еді. Ол деген телегей теңіз. Англияға бар, Германияға бар. Жұлдыз қылады. Бірақ Димашты Қытай жұлдыз қылды. Димаш Қытайға жұлдыз болды",- дейді белсенді. 


Серікжан Біләш Қытайдың кинолары, ас-тамағы елге тарап кеткеніне наразы.

"Бара-бара заттарды қытайша атап кеткеніңді білмей қаласың. Өзара ауыз-күйістің артында не жатыр? Екі жақты неке, қазақ қыздарына үйлену, ұрпақты құрту",- деп айтты желі белсендісі. 

Еске салайық, бұған дейін танымал айтыскер Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы хабарлаған едік.