Bugin

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының 4 адамы қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алматы облысы ПД

Бүгін, 12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында жол апаты болды. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. Апат салдарынан төрт жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.

Алматы облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындап, қылмыстық іс қозғады.

Ведомство хабарламасында:

"Құрметті жүргізушілер, Сіздерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтап, ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырамыз",-деп ескертпе жасады.

Оқиға видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.