Bugin

Алып мысықтың тырнағы: ғалымдар Марстан таңғажайып сурет ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ЕSA

ESA Mars Express орбиталық аппараты Марсты жиырма жыл бойы зерттеп келеді. Бұл аймақ 4 миллиард жыл бұрын қалыптасқан, -  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап. 

Марстағы ең көне ландшафт түзілімдерінің бірі - Нили Фосса аймағы. Ол Марсқа үлкен метеорит құлағаннан кейін пайда болды. Кратердің айналасында жарықтар пайда болған. Олар жүздеген километрге созылды. Ал тереңдігі бірнеше жүз метр. Зерттеушілер оларды алып мысықтың тырнақтарына теңеді. 

Марстың бұл аймағы ғылым үшін өте қызықты. Бұл жерден метан іздері табылды. Оны кейбір зерттеушілер биологиялық процестермен байланыстырады. Бірақ көпшілігі бұл қосылыс Марста тірі организмдердің қатысуынсыз пайда болады деп ойлайды. Сонымен қатар Нили Фосса көптеген минералдарға ие. Бұл оның бұрын ылғалды аймақ болғанын растайды.