Bugin
Фото: freepik.com
Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмғаны айтылған.
“Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады,”- деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін борышын өтеп жүрген сарбаз ауруханаға түскенін хабарлаған едік.