Bugin

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Төтенше жағдайлар министрліг3 көпқабатты үй тұрғындарын сақтыққа шақырды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл сайын күн жылынған уақытта балалардың биіктен құлауы қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады. Ведомство бұл туралы:

"Абайлаңыз, ашық терезе! Ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті. Жыл сайын биіктіктен құлаудан көптеген балалар қайтыс болуда. ТЖМ ескертеді: Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған; Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз",-деп жазды.