Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
2024 жылы 16 маусымда Орал қаласында мал соятын орында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға жергілікті базарлардың бірінде болған.
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер бар. Әртүрлі күйік алған науқастар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
"Газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі болып табылады. Сақ болыңыздар!",- деп ескертті төтеншеліктер ел азаматтарына.
Еске салайық, бұған дейін Өостанайда екі жас қыз суға батып кеткенін хабарлаған едік.