Bugin

Қылмыскерлер түрме қызметкерлерін кепілге алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ресейде изоляторда отырғандар түрменің екі қызметкерін кепілге алған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ұлттық порталы CNN-ге сілтеп.

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында Жазаны орындау федералдық қызметі мемлекеттік мекемесі кепілге алынғандар босатылғанын мәлімдеді.

"Ресейдің Жазаны орындау федералдық қызметі мемлекеттік мекемесінің изоляторынан кепілдіктегі адамдарды босату үшін ұйымдастырылған арнайы операция барысында қылмыскерлердің көзі жойылды. Кепілдіктегі қызметкерлер аман-есен босатылды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Орал қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік.