Bugin

Жантүршігерлік жол апатынан сәби зардап шекті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Lada.kz

Жол-көлік оқиғасы 13 маусым күні түнде болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңаөзендегі "Рахат-4" шағын ауданында болған оқиғада нәрестенің миы шайқалған.

Түн ішінде көлік баяу жүрсе де жылқы алдынан шығып, апатқа себепкер болған. Зардап шеккендер полициядан жылқының иесін тауып, оны жауапқа тартуды талап етіп отыр. 

ПД мәліметінше, жануардың ішкі мүшелері сыртқа шығып кеткен. Ал ми шайқалып, басынан жарақат алған. Жүргізушінің маңдайы жараланып, мұрны сынған. 

"Біздің баламыз зардап шеккеніне кінәлі жылқының иесін іздеп жүрміз. Жануардың иесін заң бойынша жазалап, ұлыма емделуге кеткен шығынды өтетуі керек. Айтуларынша, жылқылар әлі де сол жерде жүр екен, ертең тағы бір апат болса не болмақ?" - деп ашынды зардап шеккен әйел адам.