МӘДЕНИЕТ
Фото: ticketon.kz
Алматыда ашық аспан астында Level up фестивалі өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Концерт 15 маусымда Алматыдағы "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде болды. Ашық стадионға жиналған бес мыңнан астам халық 7 сағат бойы аяғынан тік тұрып, әншілердің өнерін тамашалады. LEVEL UP фестивалінде Ирина Қайратқызы, Назима, Ayau, Darrem, All Davay, Крайм волшебник, Moreart, Bonapart сынды өнер жұлдыздары ән шырқап, жиналғандарды таңғалдырды. Фестиваль барысында түрлі интерактивті ойындар, жарыстар және көптеген сыйлық ойнатылды. Жарқын кештің бас серіктесі — "Халық банк".
Bugin.kz порталы да кешке тегін билеттер ойнатып, оқырмандарды қуантты. Арнайы аймаққа билет жеңіп алғандардың бірі — Даниал Серік.
- Level up ашық аспан астындағы фестиваль сізге ұнады ма?
- Иә, фестиваль өте жоғары деңгейде өтті. Билет ойнатқандарыңызға алғыс айтамын. Бәрі ұнады.
- Қай сүйікті әншілеріңіз өнер көрсетті?
- All Davai, Irina Kairatovna, Ayau сынды сүйікті әншілерімнің өнер көрсеткеніне тәнті болып қайттым. Сағат 18:30 шамасында бардым.
- Халық көп болды ма? Фестиваль атмосферасына тоқтала кетсеңіз.
- Халық саны жеткілікті болды. Фестиваль атмосферасы өте керемет болды. Ұтыс ойындар, жүлделер және түрлі шоулар, әншілердің өнер көрсетуі фестивальдің көркін аша түсті.
- Бұрын-соңды осындай байқауларда билет, сыйлық жеңіп пе едіңіз?
- Бұған дейін жеңіп көрмедім. Сол үшін де бұл ұтыс мен үшін ерекше болды және керемет атмосфера мен эмоцияны сыйлай білгені үшін жүрегімнің төрінен орын алды.
Сағат 16:00-де басталған фестиваль 22:00-де аяқталды. Алайда көңіл көтеруді қалаған жастар тарқамастан би билеп, шараны қызықтады.