Bugin
Фото: инстаграм @gulmir_ktk
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 17 маусымда Германияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің өлі табылғанын растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды", - делінген хабарламада.
Ведомство қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.
Бұған дейін, күйеуі мен енесінен қорлық көрген Айгүл Сайлыбаева жоғалып кеткенін хабарлаған едік.