Bugin
Фото: freepik.com
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2024 жылғы 19 маусымға арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ертең еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
"ҚР аумағының қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер өз ықпалын сақтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде бұршақ түсіп, қатты жел тұрады деп күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы", - делінген хабарламада.
Күндіз БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады деп күтіледі. Маңғыстау, Атырау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.
Ақтөбе және Ұлытау облыстарында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, батысында, Қарағанды облысының орталығында, батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында, Маңғыстау облысының теңіз жағалауында, Жетісу өңірінің солтүстігінде, Алматы облысының орталығында өрт қаупі жоғары.