Bugin

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен кеткенін хабарлаған едік.