Bugin

"Шабуыл жасаған": Германияда мәйіті пакетке салынған қазақ әйелінің ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Айгүл Сайлыбаеваның жеке мұратағатынан

Германияда көз жұмған қазақ әйелінің денесінен жарақаттар табылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Экс-судьяның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаттары анықталды. Айгүл Сайлыбаеваның Германияда із-түзсіз жоғалып кетіп,артынша мәйіті табылған еді. 

Марқұм 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Англияда білім алып, Астана қаласында судья болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол күйеуі, қызы және қайын енесімен бірге Германияның Бенсхайм қаласында тұрған.

Оқиғаның алдында 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға алып кеткен. Содан бері әйелді ешкім көрмеген. Бірнеше күн бұрын әйелдің полиэтилен пакетке салынған мәйіті қаланың шетінен табылды.

"Болжам бойынша төбелес болған. Әйелге біреу шабуыл жасаған, ол өзін-өзі қорғауға мәжбүр болған", – делінген Сайлыбаева ісін қарап жатқан тергеушінің жауабында. 

Еске сала кетейік, шетелде көз жұмған қазақ әйелінің денесі пакеттен табылған болатын.