Bugin
Фото: pixabay
Көлік вице-министрі Астана қаласындағы көлік кептелісін дамуға теңеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министрдің орынбасары Мақсат Қалиақпаров Астанадағы кептелістің жол жөндеуіне қатысты екенін айтты.
“Жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік кептелісі болады. Кептеліс деген жақсы ғой, кептеліс болса, даму бар деген сөз. Даму деген жақсы емес пе? Бұған жергілікті атқарушы органдар жауап береді деп ойлаймын", – деп жауап берді Қалиақпаров.