Bugin

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық соты болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Экс-минситр Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Жоғарғы соттың ресми ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы соттың мәліметінше, судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленген.

Ведомство хабарламасында:

"Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді",-делінген.

Осыған дейін Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталғанын хабарлаған едік.