Bugin
Фото: Bugin.kz
Осыдан тура 83 жыл бұрын фашистік Германия КСРО-ға соғыс ашты. Сұрапыл шайқас 1941-1945 жылдар аралығын қамтыды. Германия әскері КСРО-ның батыс шекарасына тұтқиылдан басып кірген еді. Bugin.kz порталы соғыс кезеңі туралы деректерді назарларыңызға ұсынады.
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия КСРО-мен жасасқан келісім-шартты бұзып, шекарадан өтіп соғыс ашты. Фашистік Германия “Барбаросса жоспары” бойынша КСРО-ны жоюды көздеді. Венгрия, Румыния, Италия, Финляндия елдері оның одақтастары болды.
Ұрыс әуе және әскери-теңіз күштері арқылы шабуыл жасаумен жүргізілді. Миллиондаған адамның жаны қиылды. Сол кезде Германияның қол астында 7,3 миллион адам қызмет атқарған.Тауқыметке толы кезеңде Ұлыбритания КСРО-ны қолдайтынын білдірген. Бұл туралы деректер “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясындакездеседі.
Басып кірген неміс әскеріне алғашқы болып шекарашылар тойтарыс беруге шықты. Қару-жарақ пен әскери техника жетіспесе де кеңес әскері жауға төтеп берді. 1941 жылы күздеМәскеу қаласында өткен конференцияда АҚШ, Ұлыбритания елдерінен алдағы тоғыз ай ішінде қару-жарақпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл көмек Гитлердің ойластырған “Қауырт соғыс” жоспарын бұзған. Мәскеу үшін шайқаста аға лейтенант Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин және тағы да басқа қазақ жауынгерлері үлкен ерліктерімен көзге түсті.
Үш кезеңнен тұрған соғыс КСРО-ға ауыр соққы болды. Соңғы Ленинградтағы шайқаста қала жаудан толық азат етілді. Бұл ұрыста Қазақстаннан 310 және 314 атқыштар дивизясы қатысқан. Қызыл әскер ірі жауынгерлік операцияларды жақсы аяқтайды. ОсылайшаГитлерлік блок толық жойылды. Нақты айтқанда, 1944-1945 жылдары фашистік Германия бүкіл жақтастарынан айырылады. Содан соң кеңес әскері 2 мамырда Берлинді басып алып, жеңіске жетеді. Ал Гитлер бункерге жасырынып, Берлиннің құлауынан екі күн алдын өзін өлтірген деген деректер бар.
Материалды дайындаған: Нұрмухамбет Диана