Bugin

Қанша түлектің ҰБТ нәтижесі жойылғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

396 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ басталғалы бері күні бүгінге дейінгі сынақ қорытындыларын жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, ереже бұзғаны үшін 396 түлектің сынақ нәтижесі жойылған.

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинаған. Орташа балл – 68, ең жоғары балл – 138.

Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18%-ы «Математика-физика», 16%-ы «Биология-химия» пәндер, 15%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.