Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Мұрат Савельев әлеуметтік желідегі парақшасына жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстандықтарға Жәнібек есімімен танымал жігіт өзін асырап алған анасының ауыр халде екенін айтты.
"Анашым, сен маған керексің. Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Ес білгелі сіз туралы ойламаған сәтім жоқ",- деді Жәнібек.
Ол өз анасын іздеуді тоқтатпады.
"Менің туған шешем менің оның туған ұлы екенімді білмейтін шығар, менің оқиғамды естімей жүрген шығар... мүмкін оның 2002 жылдың қаңтарында дүниеге келген баласы мен шығармын. Ол қазір менің орныма ауысып кеткен баланы туған ұлым деп ойлап жүруі де мүмкін ғой...", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Жәнібектің әкесі туралы тың дерек шыққанын хабарлаған едік.