Bugin

Саяхат барысында ең қажетті заттар тізімі қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

Жаз шыққалы көптеген туристер әлемнің түкпір-түкпіріне барып, өз демалысын өткізіп жатыр.

Алайда көптеген жағдайда қонақ үй, көлік, қоғамдық орындарда жоғалған заттар не жеке басты куәландыратын құжаттар қалып кетеді. Осындай жағдайдың алдын алу үшін саяхаттау үшін ең қажетті заттардың тізімін жасап алған ыңғайлы. 

Ең әуелі қол сөмкеңізге өзіңіздің билетіңіз бен жеке басыңызды куәландыратын төлқұжатыңызды салып алыңыз. Егер осы қағаз болмаса сіз ешқайда саяхаттай алмайсыз.

Екіншіден, қонақ үйді немесе пәтерді жалға алсаңыз соның құжаттарын шығарып алып, сөмкеге салып қойғаныңыз абзал. 

Міндетті түрде өзіңізге қажетті дәрілеріңізден бөлек бас ауруы, іш ауруы, тіс ауруы сынды жағдайға қосымша дәрі-дәрмектер алып жүріңіз. Өзге елде не қалада сіз  өзіңізге қажетті затты таппауыңыз мүмкін.

Әмиянды қол сөмкенің ыңғайлы жеріне салып қойғаныңыз жөн. Себебі сізге кез келген уақытта қолма-қол ақша не банк карталары қажет болуы мүмкін.

Телефон және оның қуаттағышын да ұмытпаңыз. Кез келген демалыста жолды жоспарлап, суретке түсу үшін қуатталған смартфон қажет.

Құлаққаптар - жолда ең үздік серіктің бірі.

Одан бөлек, әр саяхатшының сөмкесінде таза су, ылғалды майлық, күннен не жәндіктерден қорғанатын кремнің болуы маңызды.