Bugin
Фото: freepik.com
Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев "мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған".
“Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ өкілдеріне баспананың кілті табысталғанын хабарлаған едік.