Bugin

Қазақстанда АЭС салу бойынша жария талқылау қайда өтетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қазақстанда АЭС салу бойынша жария талқылау Қарағанды қаласында өтеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады.

"Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды облысында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр", - дейді әкімдік.

Жария талқылау Қарағанды қаласы Кеншілер даңғылы 64 мекенжайында орналасқан "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтеді.