Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Қырғыз премьер-министрі Ақылбек Жапаров селдің соншалықты жойқын болуының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.
Қырғыз премьер-министрінің айтуынша, егер "Қызыл-Кия комур" акционерлік қоғамы биік көпірлер салмаса, Нооқат ауданындағы сел тасқыны сонша жойқын болмас еді. Бұл туралы ол Ош облысындағы жедел штаб отырысында айтты.
"Егер көпірлер соншалықты жоғары салынбаса, олар кедергі болар еді, су тар жерде жиналмай, төменге баяу түсер еді. Біз бір алаяқтың кесірінен 10 шақты адамнан айырылдық. Бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді. Ауыл өкіметі мен әкімдер ТЖМ құжаттарын оқуға тиіс. Көпірлерді бір адам жобалаған, оны маған тауып беріңіздер", - деді Жапаров.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстандағы жойқын селден адамдар қаза болғанын хабарлаған едік.