Bugin

Павлодар облысында балалар отырған көлік жүк көлігімен соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлодар облысында балалар отырған жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, бір ұл мен екі қыз бала ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы pavon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 29 маусымда Павлодар мен Ақсу арасындағы тасжолда болған.

"Апат орнынан облыстық балалар ауруханасына бірден үш бала жеткізілді: 8 жасар ұл мен 10 және 11 жастағы екі қыз. Жол апатынан зардап шеккен тағы бір 37 жастағы ер адам тексеруден өтті", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Балалардың қазіргі жағдайы туралы облыстық балалар ауруханасы өкілдері мәлімдеді.

"Балаларды кезекші травматолог, хирург және ЛОР-дәрігер тексерді, олар травматология бөлімшесіне жатқызылды. Ата-анасының айтуынша, 29 маусымда сағат 13.00-де Қарабай ауылының маңында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысқан. Соқтығысу кезінде балалар көліктің ішінде болған. ​Қазіргі уақытта барлық қажет емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті дәрігерлер. 

Еске салайық, бұған дейін жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысқанын хабарлаған едік.