Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Киевте қастандық жасалған қазақстандық журналист Айдос Садықов бүгін түнде ауруханада қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл қаралы хабарды оның жары Наталья Садықова жеткізді. Наталья Садықова жарының қаза болғанын Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.
Садықов қастандық жасалғаннан кейін 13 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Алайда бүгін Киев уақытымен сағат 3:00-де өмірден өткен. Наталья Садықова Қазақстан үшін күйеуі өз өмірін құрбан еткенін жазды.
"Ол менің құрметті жарым, 3 баламыздың әкесі, қазақ ұлтының перзенті. Ол өмірін Қазақстан үшін қиды", - деп жазды Наталья Садықова.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Киевте кісі қолынан қаза болған қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасағанын хабарлаған едік.