Bugin
Фото: Telegram @jogargy_sot
Желіде Астана қаласының тергеу изоляторында Бишімбаевтың төбелес шығарғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы egov.press Telegram арнасына сілтеме жасап.
"Түрмеден ақпарат тарататын дереккөздердің мәліметінше, Қуандық Бишімбаев белгісіз себеппен тергеу изоляторында сотталушымен төбелескен. Тағы да унитаз кінәлі болса, таң қалмаңыз. Әр ай сайын біреуді ұрып тұрмаса, жағдайы қиындап кететін адам екен", - делінген жазбада.
Nur.kz ақпарат порталы Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару жүйесі комитетінен мән-жайды сұрап білді.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді," - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі өзгермегенін хабарлаған едік.