Bugin

Түркістан облысында бойжеткеннің денесі сүйіктісінің гаражынан табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @abdulla_kzkz

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында жас қыздың өлі денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы abdulla_kzkz инстаграм парақшасына сілтеме жасап. 

Бойжеткен жұмбақ жағдайда көз жұмған. Қайғылы жағдай 30 маусым күні болған.

"Тұрғындардың айтуынша, екі ғашық бір жылдан бері кездесіп жүрген. 30 маусым күні кешкі сағат 18:30-да жігіт қызды жұмысынан алып, көлігімен өз үйінің гаражына тоқтаған. Марқұм қыз сол гараждан тірі шықпаған", - делінген жазбада. 

Бұл жағдайға қыздың туыстары да пікір білдірген. 


"Жігіт қызды зорламақ болған, өйткені марқұмның денесінде зорлық белгілері бар, денесі көгерген және мұрны сынған. Ал жігіт пен оның жақындары қыз газға уланып жан тапсырғанын айтқан", - делінген жазбада.

Түркістан облыстық полиция департаменті өкілдері тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырады.

"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз",- дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі. 

Еске салайық, бұған дейін Таразда адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген отбасы табылғанын хабарлаған едік.