Bugin
Фото: freepik.com
Белгілі журналист, редактор Майя Ағыбаева дүниеден озды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Майя Асқарқызы Ағыбаева 81 жасқа қараған шағында қаза болды. Ол ұзақ жылдар "ЮРИСТ" журналының бас редакторы қызметін атқарған.
"Майя Асқарқызының түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеу тәжірибесі мол, есімі беделді және құрметті болды. Журналистер үшін ол жай ғана басшы емес, отбасы мүшесі, редакцияның басшысы болды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Зейнеп Ахметова атасын мазақ қылғандарды сотқа беретінін хабарлаған едік.