Bugin

Үстіне ескерткіш құлап қайтыс болған қыздың оқиғасына қатысты полиция куәгерлерді іздеуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @police.atyrau

Атырау облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы өңір тұрғындарына ескерткіштің құлауы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірімнің қаза болу дерегі бойынша тергеуге көмектесуін өтінді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Осыған орай, орын алған оқыс оқиғаның нақты мән-жайын анықтау, іс бойынша жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін 25 маусым 2024 жылы кешкі мезгілде орын алған қылмыстық құқық бұзушылықты көрген, құлаған ескерткішті көтеруге жәрдемдескен тұлғаларды Атырау қаласы, Абулхайырхан даңғылы, №55 (кабинет №329) мекен-жайында орналасқан тергеу басқармасына жүгінуді немесе 98-22-72, +7702-741-53-95+7747-750-95-95 ұялы телефондарына хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін саябақта қыздың басына ескерткіш құлап, қаза болғанын хабарлаған едік.