Bugin
Фото: freepik.com
Полиция 25 миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Көксу ауданының полициясына Акционерлік қоғамның өкілінен арыз түскен. Белгілі болғандай, аудандық филиал директоры кассадан қомақты соманы алып, белгісіз бағытта қашып кеткен.
Акционерлік қоғам өкілінің айтуынша, күдікті өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, қолма-қол ақша алып, жоғалып кеткен. Тексеру барысында 25 миллион теңгеден астам ақшаның жетіспейтіні анықталды.
"Іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Жауап алу кезінде ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірген", - дейді Көксу АПБ бастығының орынбасары Әділет Мақашев.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшы допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілгенін хабарлаған едік.