Bugin

“Үйімді аңсаймын”: қарттар үйіндегі кейуананың үйін алаяқтар иемденіп алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Талай жылдар актриса болып қызмет атқарып, зейнетке шыққан шағында қарттар үйіне келуге мәжбүр болған кейуана жан сырын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айымторы Тайғаринова адвокаттың кесірінен үйінен айырылған. Ол пәтерін жалға беремін деп, сан соғып қалған.

"Туысқандарым "бірге тұрайық" демеді. Бірақ айтса да мен бара алмас едім. Мен актриса болып жүргенде бәрі мені керек қылатын еді. Бір сіңілім ғана мен осындай жағдайға түскенде көмектесті. Қолдады. Бірақ ол қайтыс болып кетті. Ол мені мақтан тұтатын", - дейді кейуана.

Қапыда үйінен айырылған Айымторы Тайғаринова өкінішін айтты.

"Мен өз үйімде тұруды аңсаймын. Менің үйіме келгендер тазалығына тамсанатын. Бірақ мен ешкімге барып, үй сұрап жалынбадым" - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін кейуананың пәтерін жалдап тұрған адвокат үйді өз атына рәсімдеп алғанын хабарлаған едік.