Bugin
Фото: freepik.com
Екібастұз полицейлері өз өмірімен қоштасқысы келген ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бүгін, 9 шілде күні сағат 08:55 шамасында полицияға әйел адамнан қоңырау түскен. Әйел жұбайының есік ашпағанын және жұбайы өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын хабарлады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Қуаныш Мүсірәлінов пен Серік Әділден тұратын автопатруль жіберілген.
"Сол жерге келген соң, әйел бізге жүгіріп келіп, жұмыста болғанын және жұбайынан біртүрлі хабарлама алғанын айтты. Хабарламада ол өз өмірімен қоштасқысы келетінін жазған. Уақытты жоғалтпай, біз пәтерге терезеден кірдік, бөлмеде өмірмен қоштасуды көздеген ер адамды таптық. Оны шығарып алып, келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық", - деді қызмет инспекторы Қуаныш Мүсірәлінов.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.